Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -26 °С
Алматы: -5 °С
USD 335.38 EUR 394.07
RUB 5.67 CNY 50.67
Жаңалықтар

Шенеуніктердің кесірінен бизнес банкротқа ұшырап жатыр - Тимур Құлыбаев

2017 жылғы 7 желтоқсан 16:37 849
Поделиться:
Шенеуніктердің кесірінен бизнес банкротқа ұшырап жатыр - Тимур Құлыбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Атамекен» ҰКП Президиум төрағасы Тимур Құлыбаевтың айтуынша, қазіргі заңнамада мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі көрсетілген. Соның ішінде тәртіптік, әкімшілік, тіпті қылмыстық жаза да бар, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде шенеуніктердің кесірінен тұтас кәсіпорындар жабылып жатады. Ресми мәліметке сәйкес, қылмыстық істер бойынша жауапқа тартылған кәсіпорындардың үштен бірі жабылып қалды. Бұл - үлкен шығын. Бәріміз жұмыс орындарын ашып жатырмыз, бизнеске жағдай жасаймыз. Сосын бір күннің ішінде жауып тастаймыз. Мұның бәрі бизнеске де, мемлекетке де тиімсіз. Бізде ірі кәсіпорындардың да банкрот болған жағдайлары аз емес. Ауыл шаруашылығы саласында ондай оқиғалар жиі кездеседі», - деді Тимур Асқарұлы бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғауға арналған форумда.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басшысының айтуынша, бүгінде мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін күшейту керек. Бұл - «Атамекен» ҰКП ұстанымы. «Сотта мемлекеттік қызметшілердің кесірінен бизнеске үлкен зиян келсе, ондай шенеуніктерге қатысты нақты шара қолдануымыз қажет. Сонда бизнес өзінің қорғалуына сенімді болады», - деп атап көрсетті Тимур Құлыбаев.

Айта кетейік, бүгін ҚР Жоғарғы соты мен «Атамекен» ҰКП отандық бизнесті бірлесіп қорғауға уағдаласты. Осыған орай, арнайы жол картасы рәсімделді. 


Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Пікір қалдыру
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат