Шекарадан қомақты соманы заңсыз өткізбек болған түрікменстандық ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан шекарашылары декларацияланбаған ірі көлемдегі ақшаны шекарадан өткізбек болған адамды қолға түсірді. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

«Жағалау күзетінің аймақтың басқармасына қарасты «Темірбай баба авто» өткізу бекетінде «Тойота Ланд Крузер» көлігімен Қазақстаннан Түрікменстанға бара жатқан Түрікменстан азаматшасы қолға түсті. Ол шекарадан декларацияланбаған 70 мың АҚШ долларын алып өтпек болған»,-деп мәлімдейді баспасөз қызметі.

Аталған оқиға бойынша жауапты орындарға ақпарат жіберілді.

Соңғы жаңалықтар