Шекарада жүктерді ұзақ ұстауға болмайды - Бақытжан Сағынтаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев шекара арқылы жүктерді тездетіп өткізуді тапсырды. Әйтпесе, транзиттік компаниялар үшін жүктерді Ресей арқылы тасымалдаған тиімді болып отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткенде біз консультанттармен кеңестік. Олар айтады, Қытай-Қазақстан шекарасына қарағанда, Қытай-Ресей шекарасында жүктерді тез өткізеді. Ол жақта жылдам істейді. Алайда Асқар Ұзақбайұлы (Үкімет басшысының орынбасары - авт.) олай емес дейді. Ал Дүниежүзі банкінің сарапшылары қағаз жүзінде жасалған жұмысқа қарамайды. Олар жүктерді өткізу жылдамдығын бағалайды», - деді Сағынтаев Министрлер кабинетінің бүгінгі отырысында.

Үкімет басшысының айтуынша, Ресеймен салыстырғанда, Қазақстан шекарасы арқылы жүктерді жеткізу уақыты бес күнге жылдам болса да, шекарада кеткен уақытпен ұтылуымыз әбден мүмкін. Осы орайда Премьер-Министр қаржы министрлігіне жүктерді тексеру саласына озық теxнологияларды тездетіп енгізуді тапсырды. «Мен теxникалық мәселелердің бар екенін түсінемін. Жүктерді бір жерден екінші жерге қайта тиеу керек және тағысын тағы. Дегенмен, қолдан келгенше жүктерді барынша тез өткізу қажет», - деп атап көрсетті Бақытжан Әбдірұлы.

Соңғы жаңалықтар