Шекарада Қырғызстан азаматы 2 келі героинмен ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстан азаматы Қазақстан-Қырғызстан шекарасынан героиннің ірі партиясын өткізбек болғанда ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.

Меркі теміржол шекаралық бақылау бөлімінің жасағы қызметтік иттің көмегімен Қырғызстанның 55 жастағы азаматын ұстады. Ол «Бішкек - Мәскеу» бағдарының пойызымен 2 килограмға жуық героин алып өтпек болған.

Есірткі затты көрші елдің азаматы түбі созылатын жол сөмкесіне жасырған.

Осы факті жөнінде құқық қорғау органдарының өкілдеріне хабар берілді.

Соңғы жаңалықтар