Шекара маңындағы Қазақстан мен Ресей азаматтары енді шекарадан оңай өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан мен Ресейдің шекараға  жақын аудандарының тұрғындары енді шекарадан оңай өте алады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Ресейдегі ҚР Елшілігінің сайтына сілтеме жасап.

«Шекара аумағына кіретін шетел азаматтарына рұқсат қағаз беру мерзімі 7 күннен 3 күнге дейін қысқарды. Аумаққа кіретін жолдағы су шайып кеткен қалқыма көпір қайта қалпына келтіріліп, ақпарат  тақталары орнатылды. Уәлиханов ауданының әкімдігі «Босагаш» шекара заставасына әкімшілік ғимарат бөлді»,-делінген ведомствоның хабарламасында. 

Сонымен қатар, СҚО, Қаратерек кенті тұрғындарының сұрауы бойынша, шекарадағы өткізу пунктінің жұмысы 09:00-12:00 ден  08:00-18:00 ге дейін ұзартылды.

Прокурорлық қадағалау актілерінің нәтижесіне сәйкес СҚО-ның шекара аудандарындағы өткізу пункттеріне барлық заманауи талаптарға сай келетін 5 модульдық пункт сатып алынды.

Соңғы жаңалықтар