Шаяхмет Қанапиянов Сурдлимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Самсун қаласында ХХIII жазғы сурдлимпиада ойындары өтіп жатыр.

Есту қабілеті нашар спортшыларға арналған байрақты бәсекеге Қазақстаннан 50 спортшы аттанған болатын.

null 

Бүгін дзюдошылар жарысқа қосылып, ел қоржынына алғашқы жүлдені салды. 66 келіде татамиге шыққан отандасымыз Шаяхмет Қанапиянов ХХIII Сурдлимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды dodasport.kz .

null

Финалда ғана қарсыласына есе жіберген Шаяхмет 4 кездесуде де бсым түсті.

Соңғы жаңалықтар