Шавкат Мирзиеев Өзбекстан президенті болып сайланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан Президентінің міндетін атқарушы, Премьер-Министр Шавкат Мирзиёев мемлекет басшысы сайлауында 88,61% дауыспен жеңіске жетті, деп мәлім етті республиканың орталық сайлау комиссиясының басшысы Мирза-Ұлықбек Абдусаломов.

«Мирзиеевке сайлауға қатысқандардың 15 млн 906 мың 724 адамы немесе 88,61%-ы дауыс берді», - деді ол дүйсенбідегі брифингте.

«Өзбекстан Республикасы Президентін сайлау» заңының 35 бабына сәйкес, бұл көрсеткіш Мирзиеев мемлекет басшысы деп есептеуге құқық береді. Мирзиеев Кәсіпкерлер мен іскер азаматтар қозғалысы - Өзбекстанның либерал-демократиялық партиясы атынан Президенттікке үміткер болды. 

Еске сала кетсек, дауыс беру жексенбі, 4 желтоқсан күні сағат 06.00-де басталып, 20.00-де аяқталды. Түс ауа Орталық сайлау комиссиясы сайлауды өтті деп таныды, себебі келушілердің саны қажетті 33 пайыздан асып жығылды. ОСК-ның мәліметінше, сайлауда 17 млн. 941 мың 955 адам дауыс берді, бұл электораттың 87,83 пайызы. ОСК төрағасы  Мирза-Улугбек Абдусаломовтың айтуынша, дауыс беру ел ішіндегі - 9383  және шет елдердегі 44 сайлау учаскесінде өткен. Сайлауға төрт үміткер қатысты - президент міндетін атқарушы Шавкат Мирзиеев Өзбекстанның либерал-демократиялық партиясы атынан түсуде, Хатамжон Кетмонов Халық -демократиялық партиясынан, Нариман Омаров социал-демократтардан және парламенттің төменгі палатасының вице-спикері Сарвар Отамуратов демократиялық партиядан.  

 

Соңғы жаңалықтар