Шавкат Мирзиёев ИЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыртуымен Астанаға келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол 10-11 қыркүйек күндері елордада өтетін Ғылым және технологиялар бойынша Ислам ынтымақтастығы ұйымының бірінші саммитіне қатысады.

Астана әуежайында Өзбекстан басшысының әуе кемесін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин, Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Ерік Өтембаев және Астана әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхамбетов күтіп алды.

Еске сала кетсек, Өзбекстан президентінің Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапары биылғы наурыз айында өткен еді. Астанадағы келіссөздер нәтижесінде екіжақты мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттарға және ірі коммерциялық келісімшарттарға қол қойылды. Ал 2017 жылдың 29 сәуірінде Шавкат Мирзиёев Оңтүстік Қазақстан облысына барып, Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті.

Айта кетейік, 10-11қыркүйек күндері Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Ғылым және технологиялар жөніндегі ИЫҰ бірінші саммиті өтеді. Саммитке ИЫҰ мүше мемлекеттердің, байқаушы елдердің, халықаралық және өңірлік ұйымдардың 80-ге жуық делегациясы қатысады.

Одан бөлек, 10 қыркүйек күні Астанада өткен ЭКСПО-2017 халықаралық мамандырылған көрмесінің салтанатты жабылу рәсімі болады.

Соңғы жаңалықтар