Шарм-эль-Шейхтан Алматыға келетін ұшақ техникалық себептермен кешігіп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - SСAT әуе компаниясының Шарм-эль-Шейхтан Алматыға келетін ұшағының ұшу уақыты өзгереді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне SСAT әуе компаниясының қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Виктория Ульянова хабарлады.

Оның айтуынша, қосымша техникалық қызмет қажеттілігі туындаған.

«Рейс Алматыдан Шарм-эль-Шейх әуежайына келген бойда инженерлік қызмет ұшаққа жоспарлы техникалық тексеріс жүргізді. Тексеру барысында қосымша техникалық қызмет көрсету қажеттілігі туындады. Кейбір ақауларды түзету қажет болды. Ол үшін біраз уақыт керек, бірақ борт Алматыға міндетті түрде бүгін ұшады. Ұшудың нақты уақыты әлі белгісіз», - деді Виктория Ульянова.

Жолаушыларға қонақ үйден орын берілді және тамақпен қамтамасыз етілді. 

Соңғы жаңалықтар