Шарлотт полициясы афроамерикандықтың қалай өлтірілгені туралы видеоны жариялады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық Шарлотт қаласының полициясы құқық қорғаушылардың афроамерикандық Кит Ламонт Скотты қалай өлтіргендігі туралы видеоны жариялады.

Бұл туралы New York Post жазды, деп хабарлайды РИА Новости.

Бейсенбі күні қалалық полицияның басшысы Керри Путни, Скотт өлімінің видеосын полиция еш негізсіз жарияламайтындығын мәлімдеген еді. Бірақ кейінірек полиция бейне жазбаны көрсетуге шешім қабылдады. Оған тергеу ісіне бұл еш ықпал етпейді деген сенімде болған Солтүстік Каролина губернаторы Пат Маккрори келісімін берді.

Ал сенбі күні өткен баспасөз мәслихаты барысында Путни, «Скотта қару болған, бірақ ол видеода көрсетілмеген»-деп мәлім етті.

Қырық жастағы афроамеркандық Кит Ламонт Скотты сейсенбі күні полицейлер атып өлтірген еді. Полицейлердің тұжырымы бойынша, құқық қорғау қызметкерлері  ер адамға қаруын тастауды талап еткенде мән бермеген.  Бірақ ажал құшқан азаматтың отбасы оның қарусыз болғанын айтады. Оны атқан полицей де қара нәсілді.

 

Соңғы жаңалықтар