Шәріпова белдіктер саны бойынша Головкинді басып озбақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әйелдер арасында Қазақстаннан шыққан тұңғыш әлем чемпионы, екі дивизионның белдіктерінің иесі Фируза Шәріпова тағы бір салмақ санатының титулдарын жеңіп алуға ниетті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Маусым айында Санкт-Петербургте Шәріповамен кездесу өткізуге аргентиналық Анна Лаура Эстече үміткер болып отыр. Ол - бірінші жартылай орта салмақта WBA, WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы. Егер Шәріпова жеңіске жетсе үш салмақта әлем чемпионы болып, Қазақстанның рекордын орнатады. Қазір оның еншісінде екінші жартылай жеңіл салмақтың IBO белдігі, жеңіл салмақтың WIBA және WBU белдіктері бар.

Қазақстандық боксшының Монакода 24 қазанда екінші жартылай жеңіл салмақта әлем рейтингінің бірінші нөмірі, финляндиялық Ева Вальстроммен жекпе-жек өткізетіні белгілі болды.

Айта кетейік, даңқты боксшы Геннадий Головкин қазір орта салмақтың төрт бірдей белдігіне ие болып отыр: WBC, WBA (Super), IBF және IBO. Егер Шәріпова жеңіске жетсе, ол Головкинді де артқа қалдырады.

Соңғы жаңалықтар