Шардаралық қыздар волейболдан сайысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай волейболдан 2001-2002 жылдары туған жасөспірім қыздар арасында Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық №1-балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің (БЖСМ) ашық біріншілігі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жарысты ашқан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры А. Сакиев спортшыларға сәттілік тіледі. Қызықты да, тартысты өткен сайыс нәтижесінде ІІІ орынды С. Ерубаев атындағы жалпы орта мектебінің командасы қанағат тұтса, ІІ орынды №1-БЖСМ иемденді. Бас жүлдені Ш. Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінің командасы қанжығасына байлады.

Ойын қорытындысы бойынша үздік қорғаушы, шабуылшы, доп таратушысы анықталды. Атап айтқанда,  жарыстың «Үздік қорғаушысы» А. Әмірбек, «Үздік шабуылшы» А. Ермек, «Үздік доп таратушы» А. Амангелді атанды.

Мерекеге арналған тағы бір жарыс үстел теннисінен өтті. 2001-2002 жылдары туылған жасөспірім ұл-қыздар арасында Шардара аудандық №1-балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ашық біріншілігі өтті. Бұл ойында ІІІ орынды Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінің командасы иеленді, ІІ орынды С. Кәттәбеков атындағы жалпы орта мектебінің құрамасы алды. Ал, бас жүлде Ұзын-ата жалпы орта мектебінің спортшыларына бұйырды. 

Соңғы жаңалықтар