Шаңсорғыш робот тыңшы болып шығуы мүмкін - Әлемдік баспасөзге шолу

None
None
«ҚазАқпарат» ХАА әдеттегідей оқырман назарына әлемдік ақпарат көздеріне шолуын ұсынады.

Адамдар жүз мың жыл бұрын да тамақ пісіре алған - Journal of Human Evolution
null

Кембридж университетінің ғалымдары 120 мың жыл бұрын өмір сүрген ежелгі адамдардың сүйектері табылған жерді зерттей келе түйнек қалдықтарын тапты. Зерттеу туралы мақала Journal of Human Evolution журналында жарияланды.

«Адамның ми көлемі ас қорыту жүйесіне байланысты болатыны туралы гипотеза бар. Яғни, ас қорыту жүйесі дайын тамақ барда энергияны үнемдейді. Зерттеу авторы Синтия Ларбидің айтуынша, археологтар тапқан қуырылған түйнектер адам дамуының тарихы туралы көп ақпарат бере алады. Бұл әдіс адмдарға көшіп қону кезінде азық болған және ағзаға қажетті ақуыздарды берген», деп жазады автор.

Зерттеушілер Оңтүстік Африка жеріндегі Класес өзенінің жағасындағы үңгірлерді зерттеген.

«Үңгірлерде таспен бірге от қалдықтары табылды. Сол жерде ғалымдар қуырылған түйнектер тапқан. Бұлар ағзаға тез сіңетін глюкоза көзі болған. Ал глюкоза энергияны арттыратыны белгілі. Бұл диета адам эволюциясының дамуына әсер етуі мүмкін», деп жазады автор.

Жоғалған әмияндар үнемі иесіне қайтарылады - Science
null

Бүкіл әлем бойынша жоғалған әмияндар үнемі иелеріне қайтарылады. Әсіресе, ішінде ақша көп болған сайын оның иесіне қайтарылуы жиірек болады. Science журналында жарияланған зерттеу нәтижелерінде осылай делінген.

«Мичиган университетінің ғалымдары 40 мемлекеттегі 355 қаланы зерттеген. Зерттеу авторлары тұрғындардың азаматтық адалдығын тексергісі келген. Зерттеушілердің көмекшілері әмияндарын әдейі жоғалтып алған. Нәтижесінде 17303 «жоғалған» әмиян кері қайтарылған. Әмиян ішінде үш визитка, пәтер кілті мен азық түлік тізімі, ақша болған. Жоғалған әминдар визиткадағы мекенжайға қайтарылған», деп жазады автор.

Оның айтуынша, ақшасы бар әмияндардың 51% ақша салынбаған әмияндардың 40% кері қайтарылған.

Жастардың көбі саяхаттағысы келеді - Focus
null

«Қазіргі жастар басымдық беретін дүниелер олардың ата-аналарынан мүлдем өзгеше. Жаңа зерттеу нәтижелері көрсеткендей, жастардың көбі өмірлік жоспарда саяхат пен мансапты бірінші орынға қоятын болған», деп жазады Focus басылымы.

«Ғалымдардң зерттеуіне қатысқан адамдардың 77% олардың өмірлік мақсаты әлемді аралау екенін айтқан. Сонымен қатар олардың 72% уақыттарын жұмысқа арнайтынын атап өткен. Бір өкініштісі, зерттеуге қатысқан жастардың жартысы балалы болу немесе отбасын құру секілді дүниелерді кейінге ысырып қойған», деп жазады автор.

Шаңсорғыш робот тыңшы болып шығуы мүмкін - Frankfurter Rundschau
null

«Бүгінгі таңда «ақылды» көмекшілерге жүгінетін адамдар саны артты. Оның ішінде шаруашылықта камерасы, микрофоны мен интернеті бар техникаларды пайдалану кең белең алды. Ал мұндай технологияның қаупі туралы ойланып жатқан жан жоқ», деп жазады немістің Frankfurter Rundschau басылымы.

Автордың жазуынша, Дармштадт техикалық университетінің ғалымдары шаңсорғыш роботтардың жұмысынан кемшілік тапқан.

«Пәтер ішінде еркін қозғалып жүре алатын шаңсорғыш роботтарда камера мен пәтер туралы ақпарат жинайтын қосымша датчиктер бар. Қауіпсіздік жүйесінде ғалымдар анықтаған кемшілік қаскүнемдерге роботты басқаруға алуға мүмкіндік бере алады. Қаскүнемдер алыста отырып та пәтер туралы бар мәліметті біліп ала алады», дейді профессор Ахмад-Реза Садеги.

Оның айтуынша, жақында ғалымдар фитнес білезіктерден де осыған ұқсас кемшіліктер тапқан. Ал фитнес білезіктер адамның денсаулығы туралы толық ақпарат жинайтындықтан, бұл өте қауіпті болуы мүмкін.

«Ғалымдардың айтуынша, АҚШ пен Еуропа құрылғылары қауіпсіздік талаптарына сай келеді. Ал қытай өнімдері көбіне талаптарға сай емес. Тіпті, қытайда қауіпсіздікке инвестиция аз салынады. Жалпы ғалымдар үйде ақылды техниканы көп пайдаланбауға кеңес береді», деп жазады басылым.

Facebook криптовалютасы расымен тиімді бола ма? - ВВС
null

«Соңғы он екі айда Фейсбуктің Калифорниядағы кеңсесінде бір топ маман топтасып жұмыс істеді. Олардың не істегені осы аптада белгілі болды», деп жазады ВВС басылымы.

Автордың айтуынша, осы аптада Фейсбук интернетті жаһандық валютаға айналатын Libra атты криптовалютаны таныстырды.

«Фейсбук өкілдері бұл криптовалюта ақша аударымы мен төлем жасауды оңайлатып, арзандата түсетінін айтты. Дегенмен, валютаны кім қауіпсіз етіп, биткойндарға еріп кетпейініне кім кепіл болады? Алаяқтардың құралына айналмасына кім кепіл? Міне, таныстырылым барысында осы сұрақтарға мардымды жауап ала алмадық», дейді автор.

«Сарапшылар жаһандық төлем жүйесіне инновация керек екенін мойындайды. Бірақ Фейсбук қаржы әлемінде тұтынушыларды қорғау, нарықтың тұтастығы секілді дүниелер бар екенін де ескеруі керек. Фейсбук әлемде 1,7 миллиард адамның банк есепшоты жоқ екенін және олар туыстарына ақша жібере алмай қиналатынын айтты. Бұл проблеманы көптеген технологиялық компаниялар шешуге тырысуда. Фейсбук ол үшін блокчейн технологиясн пайдалануды жөн көрді. Дегенмен, жағдай қалай болатынын уақыт көрсетеді», деп жазады басылым.

Соңғы жаңалықтар