Шанхайдағы Дүниежүзілік музейде ЭКСПО-2017 экспозициясы ашылды

None
None
БЕЙЖІҢ-ШАНХАЙ. ҚазАқпарат - Шанхайда Дүниежүзілік ЭКСПО музейінде Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған экспозиция ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қытайдағы меншікті тілшісі.

null
Қазақстандық стендтің ашылуы «WE Talk» тұңғыш форумы аясында өтті. Онда сарапшылар сөз сөйлеп, адамзаттың ғылыми-техникалық дамуындағы ЭКСПО-ның рөлін талқылады.

Шараға Қазақстан Республикасының Шанхай қаласындағы Бас консулы Жошыхан Қыраубаев бастаған өкілдер қатысты.
null

Қонақтарға ЭКСПО-2017 туралы видеоролик көрсетілді. Сондай-ақ олардың құрметіне Қытайдағы қазақстандық студенттер қауымдастығының шанхай бөлімшесінің белсенділері би билеп, ән шырқады.
nullnull

Еске сала кетейік, 2010 жылы қарашада Халықаралық көрме бюросы Шанхайда  дүниежүзілік ЭКСПО көрмесіне арналған әлемдегі алғашқы тақырыптық музей құру туралы шешім шығарды. 2017 жылдың 1 мамырында әлемдік қауымдастықтың ғылыми-техникалық және мәдени жетістіктерін паш ететін жаңа кешен ашылды.
nullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар