Шаңғышы Полторанин Финляндиядағы Әлем кубогының кезеңіне қатысады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шаңғы жарысы бойынша Қазақстан құрамасының көшбасшысы Алексей Полторанин алдағы күні Әлем кубогына қатысады. Жексенбіде ол классикалық үлгіде Финляндияның Лахти қаласында 15 шақырымдық қашықтықта бағын сынайды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР Шаңғы жарысы ұлттық федерациясына сілтеме жасап.

«Олимпиада ойындарында Алексей жеңімпаздар тұғырына көтеріле алмады. Күш есебі тұрғысынан тактикалық қате жіберіп алды. Бірақ, соған қарамастан біздің шаңғышымыз классикалық үлгіде әлемдегі үздік шаңғышылардың бірі болып қала береді. Женсенбі күні өтетін жарыс ол үшін өте ыңғайлы - Алексей финдік жарыс жолының кедір-бұдырын өте жақсы біледі. 15 шақырымдық классикалық әдіс - оның ең бейім сайысы. Дәл осы қашықтықта ол бірнеше мәрте жоғары деңгейдегі жарыстарда топ жарған. Команданың жетекшілігі, жанкүйерлер алдағы сайысты асыға күтуде», - деп хабарлайды ҚР Шаңғы жарысы ұлттық федерациясының бас хатшысы Андрей Невзоров.

Ұлттық құраманың басқа да спортшылары қазіргі уақытта Қазақстанда жүр. Олар бүгінгі күні ҚР чемпионатының шешуші дайындығынан өтуде. Соның аясында Халықаралық шаңғы федерациясының қолдауымен сайыстар ұйымдастырылады.

Еске сала кетсек, шаңғы жарысынан ҚР чемпионатының басталуы Щучинск қаласындағы шаңғы спортынан жаңа Республикалық базаның ашылуымен тұспа-тұс келіп отыр. Алексей Полторанин де ҚР чемпионатына қатысады. Ол швециялық Фалун шаһарында өтетін Әлем кубогынан кейін Щучинскке келеді.

Соңғы жаңалықтар