Шалғайдағы сүт өңдеу цехы өндіріс қуатын тәулігіне 5 мың тоннаға дейін ұлғайтпақ - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ.ҚазАқпарат - Ақмола облысының Державинск қаласындағы шағын сүт өңдеу цехы өндіріс қуатын тәулігіне 5 мың тоннаға дейін ұлғайтпақ. 

Бұл туралы аймақ басшысы Мəлік Мырзалиннің Жарқайың ауданына жұмыс сапары барысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аудандағы «Рассвет» шаруа қожалығының қожайыны Александр Маслов іскер кəсіпкерлердің бірі. Шаруа қожалығы биыл 2 мың гектарға жуық алқапқа мал азығы үшін екпе шөп, аздап дəнді дақыл сеуіпті. 200 ірі қара малы бар фермер тек егін шаруашылығымен ғана айналыспайды. Аудан орталығы Державинск қаласында шаруа қожалығының сүт өнімдерін шығаратын цехы бірнеше жылдан бері табысты жұмыс істеп келеді. Ресейлік құрылғылар орнатылған цехта тəулігіне бір тоннадай сүт жəне сүт өнімдері өндіріледі. Негізінен сары май, қаймақ, айран, сүзбе мен ірімшік шығарылады. Фермер алдыңғы жылы мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жеңілдетілген несие алып, 200 бас сиырға арналған тауарлы сүт фермасын салды. Өз меншігіндегі сауын сиырлардың сүті цехты толық қамтымайтындықтан, тұрғындардан сүт сатып алады. Ал, тауарлы сүт фермасын ашу, соған орай мал басын көбейту сүт өнімдері цехын шикізатпен толық қамтамасыз етуге жағдай жасайтыны анық. Осы орайда, фермер мал тұқымын асылдандыруға да көңіл бөлмек. 

null

"Сүт цехын толық қуатына шығаруды көздеп отырмыз. Сол кезде, тəулігіне бес тоннаға дейін өнім өндірілетін болады. Өнімді сатуда еш кедергі жоқ", - дейді Александр Маслов.

Осы күні аймақ басшысы жас дəрігер мамандарды "Дипломмен ауылға" бағдарламасы арқылы ауданға шақыру мəселесі жəне күзгі егін орағы науқанына дайындық шараларына да көңіл бөлді. 

null

Соңғы жаңалықтар