Шалғай ауданнан Инсульт орталығы ашылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының шалғай ауданынан Компьютерлік томография және инсульт орталығы ашылды. Енді Мақтарал ауданының тұрғындары облыс орталығына бармай-ақ денсаулықтарын тексерте алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

360 мың тұрғыны бар Мақтарал ауданында жүрек-қан тамыр аурулары мен инсульттен зардап шеккендер қатары артып отыр. Жаңадан ашылған медициналық орталық енді аталмыш дерттердің алдын алу мақсатында ұлт жоспарындағы міндеттерді іске асырмақ.  Мақталы ауданының орталық ауруханасы жанынан ашылған орталықтың жоғары технологиялық тексеру мүмкіндігі бар. Озық үлгідегі медициналық құрылғыны алу үшін республикалық бюджеттен 360 миллион теңге бөлінді. Бұл су жаңа медициналық технология бас, ми, ішкі ағзалар мен бүкіл сүйек жүйесін зерттеп, қан тамырлары ауруларын анықтай алады.

Жаңадан ашылған орталыққа Алматы қаласында арнайы дайындық курсын бітіріп келген 5 маман бекітілді. Орталықта медицина қызметкерлерінің қалыпты жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалған.

Айта кету керек, ауданда алдағы уақытта 7 медициналық бекетті іске қосу жоспарда бар.  11 фельдшерлік-акушерлік пункт те ел игілігіне қызмет ететін болады.

Соңғы жаңалықтар