Шалдай ауылындағы психоневрологиялық орталық мамандарына жатақхана салынады

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысы Шарбақты ауданы Шалдай ауылында ашылған арнайы медициналық әлеуметтік қызмет көрсету орталығында жүз адам оңалтудан өтуде, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

null
Орталықты аралап шыққан Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов мекеме ұжымымен кездесу барысында бұрынғы мектеп-интернатында жұмыс істеген жандарға сабырлық танытқандары үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ, аймақ басшысы мекемеге арнайы жұмыс істеуге келген мамандарға жатақхана салынатынын атап өтті.

Қараша айынан бастап іске қосылған психоневрологиялық орталық әзірге толық жабдықталмаған. Дегенмен мамандардың айтуынша, нысанның ашылуымен Павлодар облысында маңызды мәселелер шешімін тапқан.

«2004 жылдан бастап жүйке жүйесінің аурулары бар 300 адам тізімде тұр», - деді облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Балтбай Қаппасов.

Оның сөзінше, орталық 200 адамға есептелген. Алайда қажеттілік туындаған жағдайда 500 адамды қамтуға болады.

Еске сала кетейік, бұрынғы шипажай үлгісіндегі мектеп-интернатының орнында ашылған медициналық әлеуметтік мекемеде тубвиражды балалар емделген. 2015 жылы құрт ауруының көрсеткішінің өңірде біршама төмендеуіне байланысты шағын кешенді ғимаратты аса қажеттілік туындаған мекемеге беру туралы шешім қабылданды. Сол кезде мектеп-интернатының жұмыскерлерінде жұмысынан айырылып қалады бе деген үрей болды. Сол себепті олар жергілікті билік өкілдерінен осы нысанды қаз қалпында қалдыруды өтінген болатын. Нәтижесінде ұжым тұтастай өз орнында қалды.

Соңғы жаңалықтар