Шакира салық төлемегені үшін айыпталуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал әнші Шакира салықтан жалтарды деген күдікке ілікті. Испания прокуратурасына белгілі жұлдыздың есеп-шоттарына тексеріс жүргізу қажеттігі туралы сұраныс түскен. Бұл жайлы Euronews хабарлайды.

Жергілікті салықшылар танымпал әнші 2011-2014 жылдар аралығында салықтан жалтарды деп отыр. Бұл кезеңде Шакира «Барселона» футболшысы Жерар Пикемен бірге тұрған әрі ол кезде Испанияның салық резиденті болмаған.

Испания корольдігінің заңына сәйкес, елде және оның сыртында жүріп тапқан табысынан салық төлеуге міндетті болған. Заңның осы талабын орындамағандарға Испанияда ірі мөлшерде айыппұл салынады немесе бірнеше жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі.

Соңғы жаңалықтар