Шәкәрім Құдайбердіұлына арналған сайт ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Абай музейі «Shakarim.kz» сайтын ашты, деп хабарлайды Аltaynews.

2018 жылы ақын, аудармашы, сазгер, тарихшы, философ Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 160 жыл толады. Шәкәрім Құдайбердіұлы - Абайдай ұлы ұстазынан тәлім-тәрбие алып, аманат-өсиетін екі етпей, қазақ әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан ақын. 

Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдық мерейтойы қарасаңында «Shakarim.kz» сайты ашылды.

«Бостандық таңы атты» деп баршаға қуана жар салған Шәкәрімнің арманы орындалды. Бұл тек Шәкәрімнің ғана емес барша алаш жұршылығының арманы еді. Сондықтан сайттың бас беті Шәкәрімнің «Бостандық таңы атты» өлеңімен ашылады. Заман талабына сай жаңа технологиялар қарқынды дамып келе жатыр. Сондықтан музей саласы да заман көшіне ілесіп, алға жылжуы шарт. Музейге адамдардың жиі келуге мүмкіндігі бола бермейді. Музей қорындағы ақын мұрасын кеңінен насихаттау мақсатында ұсынылып отыр.

Бұл сайтты жасау барысында көптеген материалдар, құжаттар, архив деректері жиналды. Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің қорында жылдар бойы мұрағаттар мен ғылыми зерттеулер барысында жинақталып келген қор материалдары, музей кітапханасына келіп түскен кітаптар мен мерзімді баспасөз басылымдары басшылыққа алынды.

Сондай-ақ, музей қорындағы ақын тұлғасы, оның өмірі мен шығармалары негізіндегі бейнелеу өнер туындылары және Шәкәрім әндерін осы сайттан табуға болады.

 

Соңғы жаңалықтар