Шахтинскіде соққыға жығылған әйел түсік тастады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ-ШАХТИНСК. ҚазАқпарат - Шахтинск қалалық соты жүкті әйелді ұрған жергілікті тұрғын қамалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Шахтинск қалалық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұрынғы құрбысының пәтеріне барған ер адам жанжалдасып қалып, оған қол тигізген. Жәбірленген әйел полицияға өтініш берген.

«Жарақат салдарынан әйел түсік тастаған. Ымыраға келуден бас тартты. Ер адам айыбын мойындады. Сот оны ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-2-бабының 1-бөлігі бойынша айыпты деп танып, бір тәулікке қамау туралы шешім қабылдады. Сот-медициналық сараптамаға кеткен шығынды өтеу үшін 11 639 теңге өндірілді», - дейді соттың баспасөз қызметіндегілер.

Соңғы жаңалықтар