Шахтадағы оқыс жағдайдан бұрғылаушы зардап шекті - ШҚО

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха ауданындағы шахтада оқыс жағдай тіркеліп, салдарынан зардап шеккен  бұрғылаушы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Оқиға 21 қыркүйек күні сағат 14:00 шамасында Бородулиха ауданының Жаркент ауылдық округіндегі шахтада болған. ШҚО жұмылдыру дайындығы басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, «Востокцветмет» ЖШС жұмыс жүргізіп жатқан Орловский өндірістік кешенінде теспелерді оқтау кезінде капсюль жарылған.

«Оқыс оқиға салдарынан сол участоктағы 32 жастағы бұрғылаушы әр түрлі дене жарақатын алды. Аталған участокта жұмыс тоқтатылды», - деп хабарлайды ведомстводан.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.

Соңғы жаңалықтар