Шахматтан «Pavlodar - Open» турнирінде 8 мемлекеттің мықтылары бақ сынауда

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда әртүрлі жастағы шахматшыларға арналған «Pavlodar-Open» дәстүрлі турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz . 

 Он екінші рет ұйымдастырылып отырған «Pavlodar Open» турниріне Ресей, Украина, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Сербия, Моңғолия мемлекеттерінен, сондай-ақ, еліміздің әр өңірінен 100 спортшы қатысуда. Олардың арасында 20-дан астамы - танымал халықаралық гроссмейстрлер. Шахмат шеберлерінің ең жасы павлодарлық Күнсұлу Оразалина сегізде болса, ең егдесі - 80 жастағы алматылық Оразбек Қалдыбаев.

«Жарыс швейцариялық жүйе бойынша 10 кезеңнен өтеді», - дейді халықаралық дәрежедегі гроссмейстр, жарыс төрешісі Серікбай Темірбаев.

null 

«Спортшылар бүгін турнирдің бел ортасына келді. Кіл мықтыны анықтауға әлі ерте. Дәстүрлі турнир халықаралық шахмат қауымдастығымен мойындалған маңызды бәсеке. Шахматшылар деңгейлерін көтеріп, халықаралық дәрежедегі шебер мен гроссмейстер талаптарын орындай алады. Жарыстың басты ерекшелігі, жас ерекшеліктеріне қарамай жеребеге сай қарсылас анықталуында. Жарыстағы ең егде спортшысы Оразбек Қалдыбаев дәстүрлі турнирге төртінші рет қатысып отыр».

  Жуырда ғана мерейлі сексен жасын атап өткен Оразбек Қалдыбаев ақсақал, шахмат бәсекесіне дұрыстап дайындала алмағандығын жасырмады. -  Павлодар өңірінің шахмат федерациясы еліміздегі ең мықты ұйым деп есептеймін, - дейді қарт шахматшы. - 12 жыл үзбей салмақты бәсекені өткізіп келеді. Алыс-жақын мемлекеттерден кіл мықты деген спортшылар жиналады. Бұл - біздің жастарға тәжірибе жинап, жетілуіне үлкен мектеп. Алайда, еліміздің шалғай өңірі батыс, оңтүстіктен келетін шахматшылардың қатары аз. Жүлде қоры үш миллион теңге болатын турнир 29 қарашада аяқталады. 100 шахмат шебері өзара сайысқа түсіп, жеңімпаздар марапатталады. 

null 

Соңғы жаңалықтар