Шаханға 1 млрд 300 млн теңге бөлінді - Жайымбетов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов «ҚазАқпарат» тілшісінің сұрағына жауап бере келе, Шахан қаласының қазандықтарын жөндеу үшін биыл 1 млрд 300 млн теңге бөлінгенін айтты.

«Шахан қаласына байланысты айтар болсам, жалпы, Қазақстанның кіші және моноқалаларында 10 мыңнан аса қазандық бар  екен. Олар ауруханаларды, мектептерді жылытып отыр. Шахан қаласында 17 қазандық барын анықтадық. Бәрі жертөледе орналасқан. Қазір Шаханға 1 млрд 300 мың теңге бөлінді. Келесі жылға 1 млрд 400 мың теңге қарастырылып отыр», - деді Жайымбетов.

Бұл қаражатқа қуаттылығы 45 кВь қазандық пен 20 шақырымға созылған жылу желісі салынады. Комитет төрағасы, сондай-ақ, Қазақстан бойынша 41 кіші қала мен 29 моноқала барын айта келе, әлі де проблема барын жасырмады.

Естеріңізге сала кетейік, биыл 1 қаңтарда кешкі 22:40-та Қарағанды облысы Шахан елді мекенінде бес қабатты үйдің жертөлесіндегі жылу қазандығы жарылды. Салдарынан төртінші кіреберіс қирады. 9 адам мерт болып, екі адам жараланды.

Соңғы жаңалықтар