Шахандағы төтенше жағдай бойынша тексеру жұмыстарымен арнайы прокуратура айналысады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында соңы адам өліміне алып келген Шахан кентінде орын алған жағдайдың тексеру жұмыстарымен арнайы прокуратура айналысатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірдің прокуратура органдарына сілтеме жасап. 

«Алдымен бұл оқиға Қарағанды облысының ІІД-де адам өліміне алып келген өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу әрекеті ретінде бағаланған болатын. Алайда бұл мәселенің өте өзектілігін назарға ала отырып, сондай-ақ төтенше жағдаймен байланысты барлық фактілердің жан-жақты және объективті түрде тексерілуін қамтамасыз ету мақсатында ҚР Бас прокуратурасы аталмыш іс бойынша одан әрі тергеу жұмыстарын Қарағанды облысының арнайы прокуратурасына беру жөнінде шешім қабылдады»,-делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметтері бойынша, 16 қаңтар күні облыстың арнайы прокурорлар басқармасы қылмыстық істі өндіріске алды.
Сонымен қатар бұрын ҚР ҚК-нің 2 бөлімі 281 бабына өзгертілді. Сонымен қатар жарылысқа қатысты сараптама жұмыстарының нәтижелері мәлім болды. Онда көпқабатты үйдің құлауына жылу қазандығының жарылуы себеп болғандығы расталған.

Естеріңізге сала кетейік, 1 қаңтар күні 22 сағат 40 минутта Қарағанды облысының Шахан кентіндегі тұрғын үйдің бір бөлігі құлады. Қираған үйдің астында 9 адам мерт болды. Оның үшеуі балалар. Алдын ала мәліметтер бойынша, қайғылы жағдай автоматты жылу қазандығының дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты орын алған.

Соңғы жаңалықтар