Шахандағы барлық жылу қазандықтары жертөлелерден шығарылуда

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Шахан кентіндегі барлық жылу қазандықтары көп қабатты үйлердің жертөлелерінен шығарылып жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қысқа дайындық жұмыстары  аяқталуға жақын», - деді Қарағанды облысы әкімдігінде өткен жиында Шахан қаласының әкімі Сержан Аймақов.

Әкімдіктің баспасөзқызметінің мәліметінше, жоспар бойынша кенттегі қауіпсіз қашықтықтарға 14 автономды жылу жүйелері шығарылуы керек болған.

«Техносервис» кәсіпорыны көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлелерінен екі автономды жылу жүйелерін шығару жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, «PowerTechnologiesKZ» ЖШС  тағы 11 автономды жылу жүйелерін жүргізу жұмыстарын аяқтады. Соңғы 14-інші жылу жүйесі осы аптаның аяғына дейін аяқталады. Қазіргі уақытта барлық ұйымдастыру жұмыстары мен қаржылық мәселелер шешілді», - деп мәліддеді Сержан Аймақов.

Бұл жұмыстарға жұмсалған қаражаттың жалпы көлемі 86 миллион теңгені құрайды. Бүгінгі таңда «Шұбаркөл - көмір» ЖШС Қарағанды облысы әкімі мен ERG  компаниясы арасындағы меморандум негізінде негізгі демеуші болып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Шаханда 1-ші қаңтарда қайғылы оқиға орын алған болатын. Жертөледе орналасқан жылыту қазандығының жарылуы салдарынан бес қабатты үйдің бір бөлігі құлаған еді. Үйіндінің астында 9 адам қайтыс болды, оның үшеуі бала. Екі зардап шегуші ауруханаға жеткізілді. Сол түні кезекте болған пеш жағушы төтенше жағдайдан соң ғайып болды. Біраз уақыттан соң оның қатып қалған мәйіті даладан табылған.

Соңғы жаңалықтар