Шаханда зардап шегушілердің көмек қорынан 12 млн астам теңге төленді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда Шахан кентіндегі төтенше жағдайТЖ салдарынан зардап шегушілерге арналған жеке қайырымдылық қорының өкілдері өз жұмыстары туралы журналистерге айтып берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«17 қаңтар күнгі дерек бойынша біздің қорға 79,4 млн. теңге қаржы түсті. Қазіргі таңға дейін 12 млн. 671 мың теңге жұмсалды, - деп хабарлайды Қордың қамқоршылық кеңесінің төрайымы Жамал Мамерханова өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте. Қор өкілдерінің айтуынша, зардап шегушілерге арнап сатып алып беруге пәтерлер іздестірілу басталды.

«Барлығы 14 пәтер қажет. Балқаштағы компания ата-анасыз қалған Полина Андроповаға өз атынан пәтер сатып алып бермекші. Сондықтан қор 13 пәтер алуы тиіс. Зардап шеккендердің бірнешеуі түрлі нұсқалар іздеп қойған. Шахандағы пәтерлердің ең арзаны 1 млн теңгені, ал Шахтинскідегі пәтердің ең қымбаты 5,5 млн. теңгені құрайды», - деп түсіндірді Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Светлана Ержұманова.

Сонымен қатар, пәтерлерді сатып алу бойынша шығындарды QAZKOM өз мойнына алды, деп хабарлайды қордың қамқоршылық кеңесінің төрайымы.

Брифингте аталып өтілгендей, қордың қаржысы есебінен модульдік қазандықты сатып алу және орнату, жаңа қазандықты орнатуы, үйдің қираған бөлігін жөндеу және үйінділерді сұрыптау, сондай-ақ жобаға сәйкес қажетті құрылыс жұмыстарын жүргізу жасалады.

Естеріңізге сала кетейік, 1 қаңтар күні 22 сағат 40 минутта Қарағанды облысының Шахан кентіндегі тұрғын үйдің бір бөлігі құлады. Қираған үйдің астында 9 адам мерт болды. Оның үшеуі - балалар.

null 

Соңғы жаңалықтар