Шаханда опат болғандардың отбасыларына жарты миллион теңге өтемақы төленді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Шахан кентіндегі бес қабатты тұрғын үйдің жылу қазандығының жарылуы салдарынан опат болған 9 адамның отбасыларына 500 мың теңгеден өтемақы төленді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Аталған қаражатты Төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жандарға көмек көрсету қоры аударған.

«Жарты милион теңге жылу қазандығының жарылуы салдарынан опат болғандардың отбасыларына марқұмдардың жылдық асын беру үшін аударылды. Бұл 1 қаңтар күні, алайда біз ақшаны алдын ала аударып отырмыз», -  деді қоғамдық қордың қамқоршылық кеңесінің төрағасы Жамал Мамерханова.

Қаражат барлық апаттық-қалпына келтіру жұмыстарынан артылған.  Апатты жағдайға бей-жай қарамаған қазақстандықтар тарапынан жиналған қаражат апат салдарынан мерт болған тоғыз адамды жерлеу рәсіміне, зардап шеккен екі адамның ем алуына, үйінділерді тарату, бөлшектеу жұмыстарына, жаңа жылу қазандығының құрылысы мен қазандықты жертөледен шығаруға жұмсалды

Жамал Мамерханованың айтуына қарағанда, қорға апаттан зардап шеккендерге бей-жай қарамаған қазақстандықтар 203 миллион 851 мың теңге аударған екен.

Қайтыс болған азаматтың жесіріне  көмек ретінде қордан миллион теңге берілгендігі бұдан бұрын хабарланған болатын. 

Естеріңізге сала кетейік, Шаханда 1-ші қаңтарда қайғылы оқиға орын алған болатын. Жертөледе орналасқан жылыту қазандығының жарылуы салдарынан бес қабатты үйдің бір бөлігі құлаған еді. Үйіндінің астында 9 адам қайтыс болды, оның үшеуі бала. Екі зардап шегуші ауруханаға жеткізілді. Сол түні кезекте болған пеш жағушы төтенше жағдайдан соң ғайып болды. Біраз уақыттан соң оның қатып қалған мәйіті даладан табылған.

Соңғы жаңалықтар