Шағын несиелеу ұйымдарының несиелік портфелі 66%-ға өскен

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шағын несиелеу ұйымдары несиелеу көлемін арттыруды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Атап айтқанда, 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында осындай компаниялар 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 66,3% -ға көп несие берген, ал олардың жалпы несие портфелі 131,4 млрд теңгені құраған. Осы жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстан азаматтары жеңілдетілген несиелеу процедурасы бойынша (оның ішінде онлайн режимінде) 102,8 млрд теңге алған.

zanimaem.kz қаржы порталының сарапшыларының пікірінше, 2017 жылы микроқаржыландыру нарығының көлемі 205 - 206 млрд теңгеге жетуі тиіс.

Шағын несиелеу ұйымдарының ең белсенді клиенттері жеке кәсіпкерлер болып қала бермек, себебі олар несиелеу процедурасын оңтайландыруға мүмкіндік беретін бөлшек қызметтің клиенті ретінде қарыз ала алады. 

Соңғы жаңалықтар