Шағын кемені пайдалану талаптарын сақтамауға қатысты деректер анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жазғы маусым кезінде су көлігіне жүргізілген тексерулер барысында қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін бірқатар заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі .

Министрлікке қарасты Көлік комитетінің ақпараты бойынша, 1 маусым мен 31 тамыз аралығында елімізде жыл сайынғы «Скутер» республикалық акциясы өтті. Шараның мақсаты - шағын көлемді су көлігін қауіпсіз пайдалануды, еліміздің су қоймаларындағы көпшілік демалатын аймақтар мен орындарда адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету.

Тексеру барысында шамамен 5,6 мың шағын көлемді кеме тексерілді (гидроциклдар, катерлер, моторлы кемелер т.б.), сондай-ақ 744 әкімшілік заң бұзушылық анықталды. Бұл ретте, әкімшілік құқық бұзушылықтардың басым көпшілігі Шығыс Қазақстан, Алматы, Қызылорда, Атырау және Қостанай облыстарында тіркелген.

Анықталған заң бұзушылықтардың негізгі түрлері: 471 кемені жеке құтқару жабдықтарынсыз пайдалану, 117 кемені құжатсыз пайдалану, 86 басқару құқығын беретін құжатсыз кемені пайдалану, 35 тiркелмеген немесе техникалық тексеруден өтпеген және борт нөмiрлерi жоқ кемелені басқару оқиғасы тіркелді.

Сонымен қатар, комитеттің аумақтық органдары шағын көлемді флоттың қауіпсіз пайдалануын реттейтін заңнаманың талаптарын түсіндіру бойынша шағын көлемді кеме иелерімен, база-тұрақтардың және демалыс аймақтарының иелерімен профилактикалық жұмыстар өткізді.

Соңғы жаңалықтар