Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті 20 жылдығын атап өтті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің қатысуымен Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің 20 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Университет ұжымын құттықтауға келгендердің арасында ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Жабал Ерғалиев, Испания, Латвия, Италия және Ресейдің жоғары оқу орындарының ғалымдары, еліміздегі жоғары оқу орындарының басшылары мен оқытушылары және студенттері қатысты.  

Құттықтау сөзінде аймақ басшысы іргелі білім ордасының облыстың интеллектаулды әлеуеттін қалыптастыру және педагог кадрларды дайындау жүйесін жетілдіруде теңдесіз үлес қосып отырғанын атап өтті.

«...Ақмола облысында жоғары білім беруде бай дәстүрлер қалыптасқан. Соның ішінде біздің басты  мақтанышымыз - Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті. Өткен ғасырдың орта тұсында мұғалімдер институты болып бастау алған бұл оқу орны бүгінде облысымыздың жетекші, маңдайалды білім ордасы, өңіріміздің ғылыми орталығына айналды...», - дей келе,  аймақ басшысы аталған ЖОО-ның озат 10 оқытушысына алғыс хат тапсырды.

Осы күні білім ордасы 86-ы мамандық бойынша кадрларды даярлайды. Оның 53-ші бакалавариат, 28-і магистратура және 5-уі PhD-докторантура мамандықтары. Оған қоса университетте профессорлық-оқытушылар ұжымы жұмыс істейді. Олардың арасында 12 академия ғылымдарының мүшесі, 20 ғылым докторы, 80 ғылым кандидаты, 2 PhD докторы, 175 магистрант және 25 «ҚР ЖОО ең үздік оқытушылары» мемлекеттік грантының иегері.  

null null null null null 

Соңғы жаңалықтар