Сейсенбіде республиканың басым бөлігінде қар жауады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 6 ақпан күні атмосфералық фронталды ағымдардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде қар жауып, бұрқасындатады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Тек елдің оңтүстігі мен солтүстік-батысында ғана қар жаумайды. Кей жерлерге тұман түсіп, көктайғақ болып, бұрқасындатады, жел күшейеді.

Алматы облысының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, Жалаңашкөл аймағында желдің жылдамдығы секундына 18-23 метрге жетеді.

Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел секундына 15-23 метрге дейін ұйытқиды.

Батыс Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында боран, көктайғақ болып, түнде жел секундына 15-20 жылдамдықпен соғады.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, түнде желдің жылдамдығы секундына 18 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақмола, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарында тұман түседі деген болжам бар.

Соңғы жаңалықтар