Сейсенбіде Қазақстанның 4 қаласында ауа сапасы төмендейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі, 6 наурыз күні Қазақстанның 4 қаласында ауа сапасы төмендейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Астана, Ақтөбе, Ақтау, Жаңаөзен, Атырау, Балқаш (күндіз), Қарағанды (күндіз), Қостанай, Көкшетау, Қызылорда, Ақсу, Екібастұз, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Теміртау (күндіз), Ақсай, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларында ластаушы заттар атмосферада ыдырайды.

Ал Алматы, Балқаш (түнде), Қарағанды (түнде), Теміртау (түнде) қалаларында метеожағдайлар ауада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.

Айта кетейік, 2018 жылдың 1 қаңтарынан Қазгидрометтің www.kazhydromet.kz сайтында қолайсыз метеорологиялық жағдайға (ҚМЖ) болжамдар жарияланады.

ҚМЖ  -  атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық жағдайдың (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) болжамы.

Соңғы жаңалықтар