Сейсенбіде Қазақстанда қатты аяз болады - Синоптиктер

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 23 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Антициклонның әсерінен, Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райы жауын-шашынсыз болады, тек батыста, оңтүстікте аздаған жауын-шашын күтіледі.

Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі күтіледі,  тұман болады,солтүстік батысында жаяу бұрқасын күтіледі.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан  облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-25 м/с күшейеді.

Павлодар облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жекелеген ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды  облыстарында, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты аяз, Павлодар облысының кей жерлерінде өте қатты аяз  күтіледі.

Соңғы жаңалықтар