Сейсенбіде еліміздің көп бөлігінде жел күшейеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың кей жерлерінде жауын-шашын жауады, оңтүстікте және орталықта жаңбыр жауып өтеді. Еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, оңтүстік пен орталықта желдің күшеюі күтіледі, найзағай байқалады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді, күндіз найзағай жарқылдайды.

Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, күндіз желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай болып, желдің күші 15-20 м/с күшейеді.

Қарағаңды облысында күндіз кей жерлерінде найзағай байқалады, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертен кей жерлерде тұман болады.

Күндіз Ақмола, Алматы облыстарында желдің күші кей жерлерінде 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде кей жерлерінде тұман байқалады.

Соңғы жаңалықтар