Сейсенбіде еліміздің басым бөлігінде күн қатты ысиды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Кей жерлерде найзағай жарқырап, жаңбыр жауып, жел күшейеді. Күндіз оңтүстікте шаң көтеріліп, солтүстік батыста түнде және күндіз тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік шығыста, шығыс аймақтардың басым бөлігінде және республиканың орталығында күн қатты ысиды. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік батысында жауын жаумайды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді, күндіз бұршақ жаууы да мүмкін. Қостанай облысында түнде кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел тұрады, түнде және күндіз кей жерлерге тұман түседі.

Ақмола, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының бірқатар аймақтарында 15-20 метр/секунд жылдамдықпен жел соғады. Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде де жел тұрады. Күндіз Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Күндіз Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында өрт қауіпі сақталады.

Күндіз Алматы, Жамбыл облыстарында және Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күн қатты ысиды деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар