Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 7 °С
Алматы: 14 °С
USD 325.80 EUR 397.83
RUB 5.29 CNY 51.69
Жаңалықтар

Сейсенбіде елімізде шаңды дауыл соғып, бұршақ жауады

2018 жылғы 17 сәуір 00:25 561
Бөлісіңіз:
Сейсенбіде елімізде шаңды дауыл соғып, бұршақ жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

Елдің оңтүстігінде найзағай болады, шаңды дауыл күтіледі, күндіз бұршақ болуы ықтимал.

Кей жерлерінде тұман, екпінді жел сақталады. Оңтүстік Қазақстан, күндіз Алматы, Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде  желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, күндіз бұршақ болуы ықтимал, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды  дауыл болады.

Қостанай,  Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, көктайғақ болады, қатты жел соғып, найзағай жарқылдайды.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, желдін екпіні 23-28 м/с, кей жерлеріне тұман болады.

 

 


Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат