Сейсенбіде елдің басым бөлігінде көктайғақ болып, бұрқасын соғады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың шығысында кей жерлерде қар жауады. Елдің батысында күн жауын-шашынсыз. Кей  жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Ақмола, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, кей жерлерде бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді.

Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болып, түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Соңғы жаңалықтар