Сейсенбіде ел аумақтарында құбылмалы күн райы күтіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 9 мамыр күні Қазақстанның батыс, оңтүстік, солтүстік- батыс  аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. 

Елдің оңтүстігінде жел шаңды дауылмен бірге ұйытқиды. Солтүстікте түнгі және таңғы уақыттарда  тұман күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі. 15-20 м/с жылдамдықпен соққан желді екпіні 25 м/с күшейеді.

Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, таңертең және күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел 15-20  м/с күшейеді.

Солтүстік  Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с артады, түнде және таңертең тұман болады.

Күндіз Ақмола, Қарағанды облыстарында, түнде және таңертең Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген аумақтарында жел 15-22 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының жекелеген жерлерінде найзағай күтіледі.

 

Соңғы жаңалықтар