Сейсенбі күні ел аумақтарын тұман басып, көктайғақ болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 14 наурыз күні республиканың  оңтүстік, оңтүстік-шығыс және солтүстік өңірлерінде қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.

Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді, солтүстікте желмен бірге жаяу бұрқасын жүреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын жүреді, жолдарда көктайғақ болады. 

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болып, түнде жел 15-20 м/с артады, күндіз жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ күтіледі.  

Павлодар облысының жекелеген аумақтарында күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, бұрқасын соғады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с екпіндегі жел болжанады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болып, түнде және таңертең жел 15-20 м/с күшейеді.  

Маңғыстау облысында, күндіз Атырау облысының жекелеген жерлерінде жел 15-20 м/с артады.

Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде Алматы облысының кей жерлерін тұман басады. 

 

Соңғы жаңалықтар