Сейітқазы Матаев мерзімінен бұрын бостандыққа шығатын болды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат -  Журналистер одағының  экс-басшысы Сейітқазы Матаев шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шығатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қапшағай қалалық сотында онлайн-режимде өткен сот талқылауы барысында Алматы облысы Прокуратурасының 7-басқарма прокуроры, сотталушының өтінішхатын қанағаттандырусыз қалдыруды сұрады. Ал Алматы қалалық адвокаттар алқасының қорғаушылары сотталушының өтінішхатын толығымен қолдады.

Сот қаулысымен сотталғанның өтініші ішінара қанағаттандырылып, С.Б.Матаев 1 жыл 5 ай 4 күн қалған жаза мерзiмiнен бұрын босатылды. Ал, оның қосымша жазадан босату туралы өтінішхатының бөлігі қанағаттандырудан бас тартылды.

Айта кету керек, Сейітқазы Бейсенғазыұлы Матаев Қазақстан Журналистер одағының басшысы және ҚБ "Ұлттық баспасөз клубы" президенті лауазымын атқару барысында, яғни алаяқтық, салық төлеуден жалтару сияқты ауыр қылмыстары үшін жазасын өтеу кезінде сотқа белгіленген жазаның жартысын өтеуіне байланысты, шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату туралы өтінішхат білдірген.

Соңғы жаңалықтар