Сейілда Байшақов Қазақстан Футбол федерациясының жаңа басшысы болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Футбол федерациясының жаңа президенті болып Сейілда Байшақов сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚФФ XIV кезектен тыс сайлау конференциясында Федерация мүшелері мен ҚФФ Атқарушы комитетінің мүшелері бірауыздан Байшақовты ҚФФ жаңа президенттігіне сайлады.

 «Білдірген сенімдеріңізге, құрметтеріңізге үлкен алғысымды айтамын. Сенімдеріңізді жоғары бағалаймын. Өз тарапымнан қазақстандық футболды дамыту үшін барлық күш-жігерімді саламын. Алға қойылған міндеттерді лайықты орындап, биік мақсаттарға жетіп, жаңа шыңдарды бағындыру үшін футболды сапалық жаңа деңгейге көтеретінімізге сенімдімін», - деп атап көрсетті Сейілда Байшақов.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстанның футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов отставкаға кеткен болатын.

Байшақов Сейілда Икрамұлы 1950 жылы 28 тамызда дүниеге келген. Өзінің спорттағы мансабының басым бөлігін «Қайрат» командасында өткізді. 300-ге тарта матчқа қатысқан ол қазақстандық футболдың мақтанашы болып саналады.

Байшақов «Қайратқа» Александр Севидовтың шақыруымен келген болатын. 1971 жылы ленинградтық «Зинитпен» ойында негізгі құрамда шықты. Көп жылдар бойы ол команданың капитаны және көшбасшысы болды. 1981 мансабын аяқтағаннан кейін «Қайраттың» бас бапкерінің көмекшісі қызметін атқарды.  ХХ жүз жылдығында Қазақстанның үздік футболшысы деп танылды. 2007 жылдың тамызынан ҚФФ вице-президенті лауазымында қызмет атқарды.

null null null  

Соңғы жаңалықтар