Сеулде Азиялық көшбасшылар форумы мембасқарудағы инновацияларды талқылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - EROPA аясында Азиялық көшбасшылар форумы мемлекеттік басқарудағы инновацияларды талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оңтүстік Корея астанасы Сеул қаласында Көшбасшылар форумында Азия мемлекеттерінің жоғары лауазымды өкілдері, саясаткерлері және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) хатшылығы өкілдері инновациялық шешімдер мен әкімшілік реформалар бойынша озық тәжірибені талқылады. Форум EROPA (Estern Regional Organization for Public Administration) Бас Ассамблеясы отырысы мен жыл сайынғы конференциясы ауқымында өтті.
null

Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабтың басқару комитетінің төрағасы Әлихан Байменов аймақ елдерінің мемлекеттік қызметті жетілдірудегі жетістіктеріне тоқтала отырып, тиімділігін әрі қарай арттыру бағыттарын көрсетті. «Біріншіден, бұл - құндылықтар. Екіншіден, ортақ мақсатқа арналған адамдар әлеуетін барынша пайдалану мен дамытуға жағдай жасайтын орта. Үшіншіден, жүйелер мен ұйымдардың бейімделгіштігі мен икемділігі. Төртіншіден, көлденең коммуникацияларды жақсарту. Бесіншіден, өкілеттіліктер, жауапкершіліктер мен ресурстардың тік және көлденең тепе-теңдігін сақтау. Алтыншыдан, бұл - өз ұйымдарының міндеттерін жоғары деңгейдегі - қоғам, ел және Тұрақты даму мақсаттарымен үйлестіруге мүмкіндік беретін көшбасшылық», - деді Ә.Байменов.

Ол сонымен қатар аймақтық және жаһандық ынтымақтастықтың мемлекеттік қызметті дамытудағы рөліне Қазақстан үкіметінің бастамасы - Астана хабы мысалы ретінде келтірді.

Конференция барысында Оңтүстік Корея Республикасының персоналды басқару министрі Пан Сук Ким Әлихан Байменовпен кездесуінде Хабпен ынтымақтастықтың маңызы мен тиімділігін атап өтті. Хабтың басқару комитетінің төрағасы Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымының мемлекеттік қызметті реформалау бөлімі басшысы Эдвин Лаумен де кездесіп, тараптар мемлекеттік басқару саласындағы бірлескен зерттеулер барысын талқылады.
Еке сала кетсек, EROPA - Азия-Тынық мұхиты аймағының он қатысушы мемлекетін, 95 ұйым мен бірлестіктер, 600-ға жуық жеке қатысушыларды мемлекеттік басқаруды дамыту бойынша ортақ мақсатқа жұмылдыратын халықаралық қауымдастық.  
Ал, Астанадағы Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб мемлекеттік қызмет бойынша үздіксіз тәжірибе және білім алмасуға арналған институционалды алаң.  Қазіргі таңда Хабқа Америка, ЕО, ТМД, Кавказ және AСEAН елдерін қоса алғанда 38 ел мүше.  

null

Соңғы жаңалықтар