Сертификаттау саласында ресейлік ұйымдардың әрекеті заңсыз - ҚР ИДМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті сертификаттау саласындағы Ресей ұйымдарының қызметі заңсыз екенін ескертті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің баспасөз хатшысы Еркем Кеншінбаева мен Ресей Федерациясының аккредиттеу жөніндегі федералды қызметінің ресми ақпараттарына сүйенсек, интернет-ресурстарында жедел және арзан бағадағы сертификаттар мен сәйкестігі туралы декларациялар беру  бойынша жарнамалар орналастыру жағдайы жиілеп кеткен.

Қазақстан аумағында түрлі атаулармен аккредиттелмеген ресейлік ұйымдардың өкілдері өз қызметтерін заңсыз түрде жүзеге асырып жатыр, олар: «ГОСТСЕРТГРУПП» ААҚ, «Сертификация-ПТС» ААҚ, «ЭТАЛОН-ТЕСТ» ААҚ, «ГОСТЭКСПЕРТСЕРВИС» ААҚ, «ЦЕНТРОТЕСТ» АКеҰ, «ТЕСТ-ЭКСПРЕСС».

Ресей Федерациясы мен ҚР ИДМ ТРМК-нің ұлттық аккредиттеу орталығының ресми мәліметтерінше, бұл ұйымдардың сертификаттар мен Кедендік одаққа сәйкестігі туралы декларация тіркелімдерін беру жұмыстарымен айналысуға заңдық құқықтары жоқ.

ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан Республикасының ұлттық аккредиттеу орталығы сайтының  «аккредиттеу субъектілері тізілімін іздеу» тетігі  арқылы сертификаттау қызметтерін ұсынушы ұйымның аккредиттеу аттестатын тексеруге кеңес береді. 

Сәйкестік сертификаттары мен аккредиттеусіз сәйкестік декларацияларын беру бойынша жүзеге асырылған заңсыз қызметтерге қатысты материалдар ҚР құқық қорғау органдары мен Ресей Федерациясының аккредиттеу жөніндегі федералдық қызметіне жіберілетін болады. 

Соңғы жаңалықтар