«Серпін»: Оңтүстіктен 700-ден астам отбасы қоныс аудармақ - СҚО

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Серпін» бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысына оңтүстік өңірлерден 700-ден астам отбасы көшіп келмек. Бұл туралы бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров мәлім етті.

«Серпін» бағдарламасымен бізде 600-ден астам бала университеттерде, 400-ден астамы колледждерде оқып жатыр. Бұл жұмыс жақсы жүріп жатыр. Олардың тәртібі мен білімдерін тәрбие ісі жөніндегі басшылықтары, білім басқармалары барып, біліп отырады. Өзім де барып, кездестім, көңілдерін біліп. Жалпы біз оларға қолдау көрсетіп жатырмыз. Өзіміздің ойымыз - балалар осы жаққа келгеннен кейін, осында қалса. Өйткені біздің өңірдің санын көбейту керек. Өздеріңіз білесіздер, бізде көші-қонның теріс сальдосы тіркелуде. Сондықтан оңтүстік өңірлермен біз тығыз жұмыс жасап жатырмыз. Облыс әкімінің тапсырмасымен мен өзім 4-5 рет оңтүстік өңірлерге барып келдім. Кездесу өткіздім. Бүгінгі таңда 700 отбасы Солтүстік Қазақстан облысына көшіп келуге ниет танытуда. Қазіргі уақытта 127 отбасы көшіп келді. Әрине, қоныс аударған адамға оңай емес, қиыншылықтар да болады. Бірақ аудан әкімдері барлығын бақылауда ұстап отыр», - деді А. Сапаров.

Айта кетейік, «Серпін» бағдарламасы 2014 жылдан бері жұмыс істеуде. Оның мақсаты - мамандарға зәру солтүстік, шығыс және батыс өңірлеріне оңтүстік (ОҚО, Жамбыл, Қызылорда, Алматы облыстары) жастарын көшіру, оларды оқыту және жұмысқа орналастыру.

Соңғы жаңалықтар