Серік Сәпиев пен Бақтияр Артаев жүздеген астаналықпен бірге жаттығу жасалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елорданың триатлон-бағында қоғам назарын гиподинамия мәселесіне аудартуға және де белсенді өмір салтын дамытуға бағытталған «Денсаулық фестивалі-2017» өтті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Биыл фестиваль елімізде салауатты өмір салтын қалыптастыратын қызметтің құрылғанына 20 жыл толуына арналған. Шараның ұйымдастырушылары - Астана қаласының әкімдігі, денсаулық сақтау басқармасы, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы.

Фестиваль 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» медицина саласын дамыту мемлекеттік бағдарламасының шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында өтті.

Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысы Камалжан Надыров фестивальдің ашылуында қала тұрғындары бұқаралық спортты насихаттайтын осындай шараларға белсенді қатыса бастағанын айтты.

«Жалпы Астананы спорт қаласына жатқызуға болады. Сіздер білесіздер, Астанада көптеген бұқаралық спорттық шаралар өтіп тұрады. Сондықтан мен ойлаймын, біздің тұрғындарымыз мұндай шараларға үйренген және осындай бастамаларға сөзсіз, жақсы қабылдап, қатысады. Жыл сайын спортпен шұғылданатын адамдар саны көбейетініне сенімдімін. Бұл өте дұрыс! Өйткені, физикалық белсенділік деңгейі ұлттың дамуымен, мәдениет деңгейімен тікелей байланысты», - дейді Камалжан Надыров.

Сонымен қатар, дәрігерлер салауатты өмір салтын насихаттап жүретінін айтты. Атап өту керек, дәрігерлер дертті емдеумен күреседі, ал әр адам өз денсаулығын ойлау тиіс. Бұл адам баласының ұранына айналуы керек.

«Астанада күн сайын ешқандай қосымша шығынсыз, әр тұрғын өз денсаулығына көңіл бөлу үшін жақсы жағдай жасалуы керек», - деп атап өтті Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

«Денсаулық фестивалі-2017» шарасы барысында олимпиада чемпиондары Серік Сәпиев және Бақтияр Артаевпен бірге жаттығу жасалды.

Сондай-ақ фестиваль аясында бірқатар шаралар өтті. Атап айтар болсақ, «Жүру марафоны», «Біз салауатты өмір салты үшін» акциясы «Сау рух» ұранымен жарыс, «Менің денімнің саулығы - елімнің саулығы» флешмобы ұйымдастырылды.

Бұдан бөлек джиу-джитсу стилінде жекпе-жекшілер, скандинавтық жүру бойынша спорт шеберлері,әртістер үлгілік өнер көрсетті. Сонымен қатар елорда ардагерлерімен жаппай жаттығу жасалды.

Кең ауқымды акцияға елорданың барлық қызығушылық танытқан тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Жарыстарда ерекше көзген түскен спортшылар Астана қаласы әкімдігінің Алғыс хаттарымен, бағалы сыйлықтарымен марапатталды.



Соңғы жаңалықтар