Серік Ахметовке және оның ісіне қатысты басқа да адамдардың шығындарды өтеу бойынша шешімі күшін жойды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облыстық сотының азаматтық істер бойынша апелляциялық алқасы экс-премьер-министр С.Ахметов пен оның ісіне қатысты сотталушылардың мемлекетке келтірген шығындарды өтеу туралы шешімі күшін жойды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі сот залынан.

«Қарағанды қалалық Қазыбек би атындағы №2 сотының 2016 жылдың 17 қазанындағы шешімінің күші жойылсын. Іс қайта қаралу үшін осы сотқа жіберілсін. Жауаптылардың апелляциялық өтініші жартылай қанағаттандырылсын», - деген шешім шығарды Қарағанды облыстық соты Гүлсуна Ибраева.

Шешімнің күшін жоюын осы істің прокурорлары сұраған. Олардың пікірі бойынша, Қарағандының әкімі өтініш беруге уәкілетті емес.

Бұрын хабарланғандай, Қарағанды қалалық Қазыбек би атындағы №2 аудандық сотының 2016 жылдың 17 қазанындағы үкімімен Серік Ахметов пен басқа да экс-шенеуніктерден 153,3 млн теңге алынған еді. Мемлекетке келтірілген материалдық шығынды өтеу туралы Қарағандының әкімі азаматтық тұрғыда өтініш білдірген болатын. Талапкердің айтуынша, қала көшелеріндегі сыртқы жарықтандыру тіректерін ауыстыру үшін материалдар мен ыстық мырыштау қызметтерінің құны жоғары болған.

null 

Еске сала кетейік, 2015 жылы желтоқсан айында Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұрынғы премьер-министр С. Ахметов пен басқа да лауазымды тұлғаларға қатысты іс бойынша үкімі шығарды .

Аталмыш іс бойынша 7 түрлі эпизодқа сәйкес барлығы 21 адам айыпталған болатын. Сот талқылауы 2015 жылғы 10 тамызда басталып, төрт айға созылды. Сот тергеуі мен сот жарыссөздері 2015 жылғы 9 желтоқсанда аяқталды.

Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер бойынша апелляциялық соты 2016 жылдың 14 наурызда жемқорлық қылмыстық іске қатысты сотты болған 11 адамның жазасын жеңілдетті. Соның ішінде Серік Ахметовтің жазасы 10 жылдан 8 жылға дейін азайтылды .

Соңғы жаңалықтар