Серік Ахметов пен сотталған өзге шенеуніктерден 153,3 млн теңге өндіріп алынды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда Қазыбек би ауданының №2 соты қала әкімдігінің талап-арызы бойынша сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталған бұрынғы Премьер-Министр Серік Ахметов пен өзге де шенеуніктердің азаматтық ісін қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null
«Мемлекетке келген материалдық шығынды өтеу туралы азаматтық іс ішінара қанағаттандырылсын. Серік Ахметовтен, Бауыржан Әбдішевтен, Мейрам Смағұловтан, Мұхтар Адамбековтан, Айдос Жәкеновтен 41 082 708 теңге мемлекет пайдасына, 85 131 104 теңге жергілікті бюджет кірісіне өндірілсін», - деп жариялады үкімді Қазыбек би ауданы №2 сотының судьясы Динара Тегжанова.

Одан бөлек, сот құрылыс тауарлары, құрылыс-экономикалық кешенді сот сараптамаларын жүргізу үшін кеткен шығындарды және мемлекетке төленуі тиіс салықты қоса алғанда құрайтын жалпы сомасы 27 миллион теңгені өндіріп алды.

null  

Сыбайлас жемқорлық үшін сотталған жоғары лауазымды шенеуніктердің барлығынан 153 335 711 теңге өндірілді. Мәлімдемеде жауапкерлердің мемлекетке шамамен 201 миллион теңге материалдық шығын келтіргені көрсетілген.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ және апелляциялық инстанцияға қайта шағым түсіріліп, іс қайта қаралуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар