Сергей Лукашенко: 100 жаңа есім - өзіңді жарнамалау емес

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «100 жаңа есім» тізіміне енген Ұлттық ядролық орталық бас директорының радиоэкология жөніндегі орынбасары, ҚР «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының директоры Сергей Лукашенко ҚазАқпарат тілшісіне жоба туралы айтып берді.

«Мені бұл жобаға өздері ұсынды. Тіпті, білмей қалдым. Мен үшін бәрі аяқ астынан болды. Бірақ мені қуантатыны - бұл жоба Ұлттық ядролық орталықтың жетістіктерін насихаттауға мүмкіндік береді. Меніңше, Тәуелсіздік жылдарында біз көптеген жұмыстар атқардық», - дейді ол.

Лукашенконың пайымдауынша, әлемдегі ең үздік радиоэкологиялық мектептердің бірі біздің Қазақстанда ашылған.

 «Əлемдегі ең үздіктердің қатарында тұрғанымыз сөзсіз. Дамудың осынау 20 жылы бəлкім аз да болуы мүмкін. Сондықтан, осы жобаға қатысқаным - өз-өзімді жарнамалағаным емес, біз туралы əңгіме қозғау», - дейді ол.

Сергей Лукашенконың кезінде Радиациялық қауіпсіздік жəне экология институты Ұлттық ядролық орталықтың белді бөлімшесіне айналған. Нақтырақ айтқанда, ғалымдардың саны артып, институт жұмысын кеңейткен. Институтта жаңа қолданбалы бағыттар пайда болған.

Еске сала кетсек, 1 желтоқсан күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «100 жаңа есім» жобасының 102 жеңімпазымен кездескен болатын. Қазақстанның туын биікке көтерген спортшылар мен ақ халатты дәрігерлер, меценаттықпен көзге түскен белді кәсіпкерлермен ғалымдар, мәдениет пен қоғамдық салада ел аузында жүрген азаматтар Елбасының жылы лебізіне бөленген еді.

Соңғы жаңалықтар