Сергей Безруков қазақ бүлдіршінін құтқару үшін суретін аукционға шығарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Youtube сайтында Ресейдің танымал кино және театр әртісі, Губерн театрының көркемдік жетекшісі Сергей Безруковтың 40 секундық видеосы пайда болды. Осы қырық секунд ішінде әртіс Әдемі есімді қазақ бүлдіршінін ауыр сырқаттан құтқаруға әрекеттенген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірнеше жыл бұрын осында, Қазақстанда  «Шынайы ертегі» деген балаларға арналған фильмімді таныстырған едім. Сол кезде қолтаңбамды қалдырған сурет шықты. Енді мына сурет Әдемінің еміне жетпей тұрған қаражатқа сатылады деп үміттенемін. Қайырлы іс үшін сатамын...», - дейді видеода Сергей Безруков.

БАҚ-тардың хабарлауынша, Сергей Безруковтың қолтаңбасы қойылған портреттің бастапқы құны - 35 000 теңге. Аукциондағы бір қадам 1000 теңге. Аукцион 20 қазан күні қорытындыланады.

Айта кетейік, Алматыда туған Әдемі Қуанышбек екі жаста. Бүлдіршін қатерлі ісікке шалдыққан. Оңтүстік Кореяда жасайтын операция үшін 423 мың доллар жинау керек. Қазір ата-анасының қолында 91 мың доллар бар.

Соңғы жаңалықтар